Үйлену салты
Дүнгендердің үйлену салты ежелгі әдет-ғұрыптар бойынша өтеді. Оның алдында әрқашан құда түсу, сыйлықтармен алмасу, қыз ұзату және қызды жұбату өтеді. Мереке кезінде қыз үшін төлем талап етіледі, түрлі салттық ойындар мен күрес өтеді. ХХ ғасырдың ортасына дейін дүнгендер қалыңдықты ұрлайтын. Екі әйел алуға рұқсат берілген және ажырасу да орын алған (бірақ, белгілі себептермен).
Үйлену тойына дайындық бір жылға созылуы мүмкін. Үйлену тойына барлық ауылдастарын шақырады, ал шақырылғандардың саны кейде 600 адамға жетеді. Дүнгендер кейбір дәстүрлерін ұрпақтан-ұрпаққа беруге тырысады.
Дүнген тойы –машақатты шығынды іс, сонымен қатар көптеген салт-дәстүрлерді мұқият сақтауды талап етеді. Қазіргі стандарттар бойынша дүнгендер ерте – 18-20 жаста үйленеді. Сортөбеде 24 жастан кейін қызға күйеуге шығу өте қиын екенін айтады. Дәстүрлі үйлену тойы екі аптаға созылады – осы уақыт ішінде екі жақтың туыстары кездесіп, бір-біріне қонаққа барады –бұл отбасылық қатынастарды нығайтудың маңызды үрдісі болып саналады.
Үйлену тойының бастапқы күні ерте басталады – таңертеңгі сағат 8-де қонақтарға ет, сәбіз, шалғам және ішек-қарыннан тұратын дәстүрлі ыстық тағам - орце ұсынылады. Үйлену тойы да ерте – 2 сағатта аяқталады.

Дәстүрлі шаш жасау өнері дунген әйелдерінен ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келеді. Қалыңдықтың шаш үлгісі гүлдер мен бас үйлену әшекейлерімен толықтырылған. Ежелгі уақытта мұндай әшекейлер күмістен жасалған және тек ауқатты отбасылардағы қыздарға қолжетімді болатын. Шашты сәндегеннен кейін, қызға киінуге көмектеседі. Дүнген қалыңдықтың жарқын костюмі екі көйлектен тұрады — қысқа және ұзын, жеңсіз, мерекелік қалпақ, шалбар, шұлық және арнайы үйлену аяқ киімі. Киімнің барлық компоненттері қолмен кестеленген.

Қалыңдықтың жасауы аулада көрсетіледі, әр нәрсе гүлдер мен қызыл ленталармен безендірілген. Жасаудың құрамына әдетте ас үй ыдыстары, жастықтар, көрпелер, микротолқынды пеш, тоңазытқыш, кір жуғыш машина, газ плитасы кіреді. Жалпы, жастардың үйі бос көрінбеуі үшін бәрі бар.
Жасау күйеу жігіттің үйіне қалыңдықтан бір күн бұрын түседі. Дүнген барлық мерекелерін үйде атап өтеді. Қонақтарды шақырушы тараптың туыстары күтеді. Бұл құрметтің көрінісі деп саналады. Дүнгендердің «мерекелер үшін» жоспарланған аулалары — үлкен және ауа-райы жағдайында қорғай алатын шатырмен жабдықталған. Дүнген тойларында ерлер мен әйелдер бөлек отырады. Сонымен қатар, ерлердің жартысында қонақтарға ер адамдар, ал әйелдерге – әйелдер қызмет етеді.
Той палауы көшеде үлкен қазандарда дайындалады. Мерекелік аспаздар, әрине, ер адамдар. Дүнгендердің айтуынша, олардың палауы өзбек палауынан көп етпен ерекшеленеді. Палауды қонақтарға ұсыну уақыты келгенде, әр тағамның үстіне сиыр етінің үлкен бөлігі қойылады.

Дүнген шашуы (қонақтарды ақшамен және тәттілермен шашу рәсімі) негізгі үйлену тойынан бір күн бұрын қалыңдықтың үйінде өтеді. Үйлену тойындағы күйеу жігіттің ерекше белгілері – костюмдегі қызыл және жасыл ленталар. Үйлену тойындағы күйеу жігіттің көмекші достары бар. Күйеу жігіттің достарына ерекше рөлі ұсынылады: олар мерекені қызықты өткізуге атсалысуы керек. Әндер мен билерден басқа, кеш көңілді болу үшін күл жағады және кесілген шыбықтармен бір бірін ұрады. Үйлену тойынан кейін күйеу жігіт достарына мерекелік көңіл-күй үшін алғыс айту мақсатында міндетті түрде дастарқан жаяды.

Үйлену тойына арналған сыйлықтар әдетте ақшалай түрде ұсынылады. Күйеу мен достар үйге жақындайды, бірақ қалыңдықтың туысы қызыл орамалды айналдыра бастағанша күтіп, сәл қашықтықта тоқтайды – бұл үйге кіруге арналған белгі. Бұл жағдайда туысының болашақ күйеуіне құрмет көрсетіп, орамалмен тағзым етіп, сілтеуі керек. Қалыңдықтың үйінде мулла никах өткізеді (Исламда неке қию рәсімі)
Туған үйінен кетпес бұрын, қалыңдықтың беті орамалмен жабылады, оның үстіне тағы біреуі лақтырылады. Бірінші орамал (күйеу жігіттің үйінен) - қалыңдықтың жаңа отбасының мүшесі болуының белгісі. Екінші орамал, дәстүр бойынша, анасының үйінен болуы керек.
Тағы бір дәстүр: қалыңдықтың анасының туысы (нағашысы немесе туған ағасы) қызды үйден алып, оны көлікке отырғызады.

Қалыңдықты күйеу жігіттің ауласына кіргізеді. Бұл рәсім тағы бір шашумен бірге жүреді – шашудың құрамына тәттілерден басқа, өрік пен жаңғақтар кіреді, содан кейін олар отбасын толықтыруды жоспарлаған жас әйелдерге ұсынылады. Егер әйел ұл туғысы келсе, жаңғақтарды алады, егер қызды қаласа – өрікті алады.
Күйеу жігіттің үйінде қалыңдықты арнайы орынға отырғызады және қалыңдықты көрсетуді ұйымдастырады.
Қалыңдықты көрсетудің алдында оған жасауда болған алтын тағылады. Сонымен қатар, алтын бұйымдар бес түрлі болуы керек – міндетті түрде ұлттық нақыштағы сақиналар мен сырғалар, содан кейін — тараптардың қалауы бойынша — білезіктер, шынжырлар, танамоншақтар... дунген зергерлік бұйымдарында Феникс құсы бақыт пен жарқын болашақтың символы ретінде, сондай-ақ амандық пен ауқаттылықтың символы ретінде анар жемісі жиі бейнеленген.
Шамамен сағат екіде үйлену тойы аяқталады және күйеу жігіттің үйінде тек жақын туыстары қалады. Кешке олар тар шеңберге жиналып, Құран оқып, кешкі ас ішіп, алдағы сапарларға дейін күш жинайды, себебі сапар, дунген дәстүріне сәйкес, тағы екі аптаға созылады.