Мәдениет

Ахалцихин түріктерінің мәдениеті көптеген ерекшеліктері мен егжей-тегжейлері бойынша Шығыс Анадолы түріктерінің мәдениетіне ұқсас. Шаруашылық және отбасылық тұрмыстың объектілері мен элементтерін белгілеу үшін түркі лексикасының басым болуы ерекше маңызды. Аймақтық ерекшеліктерді құратын бірқатар айырмашылықтар бар. Ахыска түріктері ескі Осман түрік тілін сақтап қалды. Ал Түркияда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін түрік тілі еуропаланып, араб әліпбиін латын әліпбиіне ауыстырды.
Тілдік жағдай
Түрік тілі түркі тілдерінің оғыз тобына жатады. Бір-бірінен аздап ерекшеленетін әртүрлі диалектілер бар. Қазақстанда түрік тілінің бірнеше нұсқасы бар: ахыска, хемшилли және лазов түріктерінің нұсқасы. Ахыска түріктері йерли (жергілікті) және терекеме болып бөлінеді. Қазақстанда қолданыстағы түрік тілінің барлық нұсқалары жазусыз және жойылу қаупінде тұр.
Өткен ғасырдың 20-жылдарында шекаралар жабылғаннан кейін және 1944 жылы депортациядан кейін негізгі түрік этникалық массивінен бөліну, атап айтқанда, тілді және дәстүрлі түрік мәдениетінің белгілі бір элементтерін сақтауға әкелгенін ерекше атап өткен жөн.Қазақстандық түріктердің тілі түрік Республикасындағы Кемалистік реформаға дейін болған нысанда сақталды. Бұл ретте қазіргі уақытта қазақстандық түріктердің (бір мезгілде қазақ және орыс тілді мәдениетке) мәдени ассимиляциясының жеткілікті жылдам процестері орын алуда.
Түрік әдебиеті – түрік тіліндегі әдебиет және жазбаша дереккөздер. Оның тарихы Осман кезеңінен бастау алады (1299-1923). Ахмед Факихтің (шамамен 1250 жылы қайтыс болған) түрік тіліндегі жазба әдебиетінің ең алғашқы нақты туындылары («Тағдыр кітабы») XIII ғасырдың ортасына жатады және сопылық сипатта болады. Алғашқы маңызды шығарма 1330 жылдан басталады, бұл сопы Ашик Пашаның (1271-1332) месневидің «Кезбенің (қаңғыбастың) кітабы»атты месневи-өлеңі.
Осман әдебиеті негізінен діни сипатта болды және исламның талаптарымен біршама шектелді. Оның дамуына парсы және араб әдебиетінің ежелгі дәстүрлері қатты әсер етті.
Осман кезеңіндегі сарай маңындағы поэзиясы (Бакының «Хакан лирикасы», Михри Хатунның «Осман Сапфосы») сонымен қатар түрік әдебиетінің ерекше,бірегейлі жанры болып табылады.
Түрік әдебиетінің ерекшеліктері – бай фольклорлық дәстүрдің болуы, оған Ходж Насреддин туралы ертегілер мен анекдотикалық әңгімелер; ата-бабалардың ерліктері туралы ауызша және жазбаша ерлік эпосы кірді.
Қазіргі түрік әдебиеті көбінесе батыстың ықпалымен дамыды, әсіресе «Танзимат» деп аталатын реформаларға (Сұлтан Абдул-Меджидтің және ішінара оның мұрагері Абдул-Азиздің билік ету дәуіріндегі жаңалықтар) байланысты.

Білім берудегі реформалар және ХХ ғасырдың басында латын әліпбиіне негізделген жаңа әліпбиді енгізу ел халқының сауаттылық деңгейін арттырды және түрік әдебиетінің дамуына жағымды әсер етті.
Сүлейман Назыф, Назым Хикмет, Орхан Кемал, Яшар Кемал және Орхан Памук сияқты бірнеше түрік жазушылары Түркияда ғана емес, бүкіл әлемде танымал болды. ХХ ғасырдағы ең ірі түрік ақыны - Фазыл Хюсню Дагларжа. Түрік поэзиясының дамуына Илхан Берк, Октай Рифат, Рифат Ылгаз, Ахмед Ариф үлкен үлес қосты.2000 жылдан бастап Қазақстанда «Ahıska» газеті орыс, қазақ және түрік тілдерінде шығарылады. Бұл түрік этносының өкілдері арасында өте танымал. Бұл газет Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан және Түркияда таратылады.